Жаңалықтар
08.11.2022
Bodi Group (Моңғол Халық Республикасы) делагациясы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-нда жұмыс сапарымен болды
Бүгін Bodi Group (Моңғол Халық Республикасы) делагациясы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-нда жұмыс сапарымен болды. Кездесу барысында делегация өкілдері ТЭ33АС локомотивінің құрастыру технологиясымен танысып, алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Bodі Group - құрылыс, инфрақұрылым, тау-кен өндірісі, жылжымайтын мүлікті басқару және қызмет саласында мамандырылған, Моңғолиядағы жетекші компаниялардың бірі. Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып, инновациялық, тиімді жобаларды сәтті жүзеге асырған ұлттық кәсіпорын.
17.10.2022
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясы АҚ-да өткен "Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі II Еуразиялық форумға" қатысты.
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясы АҚ-да өткен "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі II Еуразиялық форумға" қатысты.
Форум аясында көлік-логистика саласы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.Бұл іс-шараның басты мақсаты теміржол саласындағы қауіпсіздік пен цифрландыруды қамтамасыз ету, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру жағдайларын болдырмау және тасымалдау жұмыстарын орындау кезінде ескерту шараларын жетілдіру. Сондай-ақ, теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету; көлік жүйесін жаңғырту; кадрларды даярлау сияқты секциялар қарастырылды. Кәсіби кадрларды дайындамаса, тепловоздар өндірісін жақсарту және жетілдіру мүмкін еместігін түсінеміз. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ 450-ден астам локомотив шығарды.
25.08.2022
Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат
Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат
27.05.2022
27.05 2022 жылы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ бүкіл Қазақстан бойынша металл құрылымдарын дайындауға маманданған компаниялар үшін жәрмеңке ұйымдастырды
27.05 2022 жылы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ бүкіл Қазақстан бойынша металл құрылымдарын дайындауға маманданған компаниялар үшін жәрмеңке ұйымдастырды. Алдағы бірнеше жылда тепловоз өндірісі көлемінің ұлғаюына байланысты акционерлер мен кәсіпорын басшылығы үшінші тарап компанияларына ірі тораптар мен бөлшектерге тапсырыс беру туралы шешім қабылдады. Кездесу барысында қатысушы ұйымдардың барлық өкілдері берілетін тораптар мен бөлшектердің өндірістік процесімен танысты. Жәрмеңкеге Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасары Мақанов Ерқанат Қазкенұлы және Қазақстан бойынша 27 компания қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты локомотивтер үшін Қазақстандық қамту үлесін арттыру.
25.05.2022
Моңғолия Халық Республикасының Bodi International и Tavantolgoi railways компаниясының өкілдері "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-да болды.
Моңғолия Халық Республикасының Bodi International и Tavantolgoi railways компаниясының өкілдері "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-да болды. Кездесу барысында делегация зауыт пен өндіріс жұмысының құрылымымен танысты. Бірдей екі тарап үшін маңызды кездесуге келген қонақтарға зауыт басшылығы алғыс білдірді.
25.05.2022
Беларусь темір жолы басшысының орынбасары Якобсон А.Л. бастаған делегация "Локомотив құрастыру зауыты"АҚ-да болды.
Беларусь темір жолы басшысының орынбасары Якобсон А.Л. бастаған делегация "Локомотив құрастыру зауыты"АҚ-да болды. Кездесу барысында зауыт басшылығы қонақтарды өндірістік сектордың жұмыс процесімен және тепловоздарды құрастыру технологиясымен таныстырды.
20.05.2022
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ металл құрылымдарын дайындауға маманданған компаниялар үшін жәрмеңке өткізеді
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ тепловоз өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты металл құрылымдарын дайындауға мамандандырылған барлық компанияларды жәрмеңкеге шақырады. Біздің кәсіпорын ірі тораптар мен бөлшектерді жасауға тапсырыс беруді жоспарлап отыр.
Жәрмеңке 27.05.2022 жылы сағат 10:00-да өтеді.
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы, Индустриялық Парк, А184 көше, 8а ғимараты.
19.05.2022
Сәбит Шонтақбаев "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ болды
Нұр – Сұлтан қаласы әкімі мен зауыт басшысының келісіміне сәйкес Сәбит Шонтақбаев өз өмірің қатерге тігіп, көпқабатты үйден құлап бара жатқан үш жасар баланы құтқарып алған ардақты азаматымыз Қазақстандағы ең заманауи, беделі асқақ жаңа буынды тепловоздарды өндіретін "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ болды.
Ол локомотивті құрастыру технологиясымен және өндірістік цехтерді аралап, толықтай танысты.
01.04.2022
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбасарұлы Бекмурзаев «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның басшылығымен кездесті.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбасарұлы Бекмурзаев «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның басшылығымен кездесті.
24.03.2022
Бүгінгі таңда кәсіпорын 420-шы тепловоз шығарды
Бүгінгі таңда кәсіпорын 420-шы тепловоз шығарды